Белорусьтің ҰҚК-ті Роман Протасевичке қысым жасалғанын жасырып отыр

3732
Adyrna.kz Telegram
Белорусьтің ҰҚК-ті Роман Протасевичке жасалған қысымға байланысты маңызды ақпаратты жасырып отыр. Минск әуежайында қолға түскен, Telegram-дағы NEXTA каналының негізін қалаушы Роман Протасевич өзінің қолға түсуіне кімдер бұйрық бергенін, кімдер демеуші болып, қаржы бөлгені жайында айтып берді.
26 мамыр күні Белорусьтің ҰҚК басшысы Иван Тертель парламент пен конституциялық комиссияның бірлескен отырысында мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ Тертель Протасевичке жасалған қысымды, ақпараттарды жоққа шығарды.
Керісінше, Белорусьтің ҰҚК басшысы Иван Тертель Портасевичті террористтік әрекеттерге барғанын, батыстың ықпалды күштеріне жұмыс жасайтыны бойынша жаңа ақпараттарды жасырып отыр деп, Sputnik порталына интервью берді.
Белорусь президенті Александр Лукашенко осыдан біраз бұрын NEXTA арнасының жетекшісін елде экстремистік әрекеттерге барып, қанды көтерілістер ұйымдастырды деп айыптаған.
Қазір Протасевичті экстремист деп танып, өте ауыр айыптаулар тағылып, ауыр жаза күтіп тұр. Алдағы уақытта оны өлім жазасына жа кесуі мүмкін.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер