"Land Cruiser 300" Қазақстанға жеткізілді

6348
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанға жаңа Toyota Land Cruiser 300 маркасының алғашқы партиясы келді деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Kolesa.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы жолдарында сіз қазірдің өзінде «300» маркасына байланысты алғашқы жарнамалық баннерлерді көре аласыз. Көліктердің суреттерін CarsKz қауымдастығы жариялады.

Қазақстанның Қытаймен шекарасында орналасқан Алтынкөл станциясында түсірілген суреттерде Land Cruiser 300-дің оннан астам данасы барын көруге болады. Инсайдерлердің айтуынша, автомобильді шығару 1 шілдеде басталады. Бастапқыда жол талғамайтын көліктің бензинді түрі шықса, артынша дизельді түрі қолданысқа беріледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер