Қарақалпақстандағы наразылық: Нүкісте не жағдай?

13669
Adyrna.kz Telegram

Қарақалпақстанның астанасы Нүкісте 27 мамырда бір топ наразылық білдірушілер А.Дусназаров көшесіндегі жолды жауып тастады. Наразылыққа барлығы 30-дан астам адам шыққан. 

Нүкіс әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша наразылыққа зейнетақыны 25 мамырда емес, 27 мамырда беруге қатысты шешім шығаруы себеп болған. Зейнетақыны беруді басқа күнге ауыстырудың басты себебі "Әлеуметтік қамсыздандырудың ортақ тізімі" жүйесінің істен шығуына байланысты.

Нүкіс әкімшлігі барлық техникалық мәселелер сол күні шешіліп, зейнетақы берілгенін жеткізген. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер