Жамбылда мектеп директоры жұмыс орнында қарым-қатынас құрған

2156
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында мектеп директорының жұмыс орнында қарым-қатынас құрғаны анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі директорының міндетін атқарушы Ержан Жаңабаев пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжекүл Бақыбаеваның арасында болған оқу ордасындағы «ашық махаббаты» әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Маржан Әуезова есімді желі қолданушысы жазды.

«Директор және оқу ісінің орынбасары екеуінің арасында «Служебный роман» жайлы мектеп мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналардың хабары болған. Директор жане оқу ісінің орынбасары арасындағы мектеп қабырғасында болып жатқан «ашық махаббаты» мұғалімдер мен оқушылардың шамына тиген. 25 сәуірде екеуінің арасында болған «ашық махаббат» видеотаспаға ілінген. Бұл жағдайды Қамқоршылық кеңесінің төрағасы біле тұра Білім және ғылым министрлігіне хабарламаған.

Достар, мектеп директоры және оқу ісінің орынбасары осылай үлгі көрсетіп жүргендері дұрыс деп ойлайсыздар ма? Біздің болашақ жастарымызға қандай білім, тәрбие көрсетіп жүргендері?», - деп жазды ол.

Бұл жағдайға қатысты Жамбыл облысы Білім басқармасындағылар пікір білдіріп, екеуі отбасын құрғалы жүргенін айтты.

«Ержан Жаңабаев Мойынқұм ауданы, Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі директорының міндетін уақытша атқаруда. Бейнероликтегі мәселе бойынша Е.Жаңабаевқа 2021 жылдың 26 мамырында Мойынқұм аудандық білім бөлімінің №140 бұйрығымен «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Директордың міндетін атқарушы Е.Жаңабаев пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Бақыбаева отбасын құрмаған. Бір-бірімен отбасын құру ниеттері бар», - деп жауап берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер