200-ге жуық оқушыны ұрлап кетті

3816
Adyrna.kz Telegram

Нигерияның Нигер штатында қарулы адамдар 200-ге жуық оқушыны ұрлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жергілікті басылымның мәліметінше, жауынгерлер жексенбі күні Тегин қаласындағы мектепке шабуыл жасаған. Олар оқ жаудырып, нәтижесінде екі адамды жаралаған. Зардап шеккендердің біреуі қайтыс болды, ал екіншісінің жағдайы ауыр.

Нигер билігі шабуыл фактісін растады, алайда ұрланған балалардың нақты саны анықталмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін де елде оқушы ұрлау фактілері тіркелген болатын. Оларды босату үшін шабуылдаушылар көбінесе төлем талап етеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер