Ата-аналар мектеп оқулығындағы ұлттық бас киім қатарында тұрған хиджабқа шағымданды

4073
Adyrna.kz Telegram

Ата-аналар 2-сынып оқулығында ұлттық бас киім ретінде көрсетілген хиджабқа шағымын жазды.Бұл жайлы stan.kz хабарлайды.

Сурет 2-сыныпқа аналған қазақ тілі оқулығында берілген.

“Хиджаб қашаннан бері ұлттық бас киімдердің қатарына енген? Әрі суреттердің дәл ортасында тұр. ҚР Білім және ғылым министрлігі, хиджапты ұлттық бас киім қатарына енгізерде қандай ғылыми негізге сүйендіңіздер? Мен тұтынушы әрі мектеп оқушысының ата-анасы ретінде сіздерден жауап беруді талап етемін”, – деп жазады Айбек Нәби есімді қолданушы желідегі парақшасында.

Пікірлер