Ғалымдар роботқа күлімсіреуді үйретті

2832
Adyrna.kz Telegram

Колумбия Инженерлік Институтының зерттеушілері роботты мимикамен жауап беруге үйрету үшін жасанды интеллект әдістерін қолданды. Бұл қабілет осындай роботтар мен адамдар арасындағы «қарым-қатынасты» нығайтуға көмектеседі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зерттеушілер бес жыл бойы эмоцияны көрсете алатын жұмсақ бетімен EVA деп аталатын роботты дайындады. Мұндай роботты жасау оңайға соқпаған. Сондағы мәселе роботтарды жасау үшін ұзақ уақыт бойы эмоцияны білдіру үшін пластикалық майысуға икемсіз қатты материалдар қолданылып келген.

EVA үшін жұмсақ тіндер мен жасанды «бұлшықеттер» қолданылды. Робот алты негізгі эмоцияны көрсете алады: ашу, жиіркеніш, қорқыныш, қуаныш, қайғы және таңдану. EVA «бетін» басқару үшін ғалымдар жасанды интеллект моделін жасады. Ол «оқуды», содан кейін айналасындағы адамдардың эмоциясын қалай бейнелейтінін біледі.

Әрине, әзірге бұл тек зертханалық эксперимент, ал роботтың эмоция көрсетуі, адами бет-әлпеттің эмоциясымен салыстырғанда жер мен көктей.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер