"Сержан Братан" сериалы жалғасын таба ма?

3634
Adyrna.kz Telegram

«Сержан Братан» - бар жоғы 12 сериядан тұратын туынды. Аз уақыт ішінде 49 миллионға жуық қаралым жинады. Әр эпизод бір күннің ішінде миллион қаралымға ие болды. Тengrinews редакциясы көрерменннің көзайымына айналған танымал сериалдың режиссерімен сұхбаттасып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Сержан Братан» сериалының сюжеті 90-шы жылдары бастау алады. Оқ тәрізді өткір тәкаппар, жалтақ, қатал, рэкет Сержан (жас кезін Рүстем Жаныманов, ал үлкен Сержанды Дулыға Ақмолда ойнайды) бүкіл ауданды қорқынышта ұстайды, одан бәрі қорқады, ол көбін менсінбейді және оны бәрі сыйлайды. Бірақ жаңа уақыт ағымымен қарақшылар жаппай заңдастырыла бастайды және Сержан олардың қатарына қосылғысы келгенде бақытсыздыққа ұшырап комаға түсіп, 23 жыл бойы сол күйде жатады.  23 жылдан соң оянған Сержан 2020 жылға тап болады. Мүлдем басқа әлем, басқа орта, басқа қоғам және басқа отбасы. Өзінің әйелі тіпті тәте аталып (Гүлмира Жакилина) және екі баласы: оны жек көретін қызы, полиция қызметкері (Жанель Серғазин) және мінезі жұмсақ ұлы, жас блогер (Ербол Әлмұхан). Енді Сержанға жаңа өмірге, жаңа адамдарға үйренісу қажет болады. Өмірден өз орнын тауып, барлық жаңалықтарды қабылдауы керек.

Оқиға сюжеті көпті қызықтырып, жақында ғана өз нүктесін қойған бұл сериал енді жалғасын таба ма?

Бұл сұраққа Salem Social Media директоры Рустам Юсупов жауап берді:

"Мен үшін көрермен ретінде оқиға аяқталды. Бұл финал. Жалғасы түсірілсе бәлкім, ол қиынға соғуы мүмкін. Біз де, Әлішер де ( Әлішер Утев - сериал режиссері, продюссері) сюжетті қайталағымыз келмейді, бірінші маусымға сыймайтын оқиға жасағымыз келмейді.  90-шы жылдардағы Сержанды көрсету идеясы бар. Бірақ біз бұл ойды, енді талқылап жатырмыз" деп жауап берді.

Әлішер Утев және Рустам Юсупов сериалды тіпті шет елдерден тамашалағандар болғанын, Қазақстанда осы сынды туындыларды түсіру үшін бір серияны түсіруге 2,5 миллионнан астам қаражат қажет екенін және өз сөздерінде елімізде кәсіби актерлердің жетіспейтіндігін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер