Ауыр жаза 10 жыл: Астана LRT ісі бойынша үкім шықты

3311
Adyrna.kz Telegram

28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Астана LRT» жобасы бойынша айыпталғандарға үкім айтылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сот үкімі бойынша:

- Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы жетекшісі Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды. Қауіпсіздігі жоғары мекемеде, яғни қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді;

- Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы, бұрынғы депутат Жанат Нұрпейісов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бес жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды. Қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді;

- Astana Innovations компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

- Еншілес компания өкілі Ұлықбек Ачиловқа 8 жыл түрме жазасы берілді. Қылмыскер қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Сонымен қатар ол 642 мың теңге мемлекетке төлеуге міндетті болды;

- Еншілес компания өкілі Тимур Қасабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Ол мемлекет қазынасына 574 мың теңге төлеуі тиіс;

- Еншілес компания өкілі Дулат Мүсенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекетке 649 мың теңге төлеуге міндеттелді;

- Еншілес компания өкілі Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекетке 15 млн теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.

Сот үкімі күшіне енген жоқ, екі тараптың апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер