Қазақстандық теннисші әйгілі Серена Уильямсты жеңді

2436
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан теннистен Францияның ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингте 22-орын иемденіп тұрған Рыбакина төртінші айналымда америкалық Серена Уильямсты 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Рыбакинада 4 эйс жасады. Жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы ресейлік Анастасия Павлюченкова болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер