Дрон адамға бұйрықсыз шабуыл жасады

1861
Adyrna.kz Telegram

Поляк құрлық әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал Вальдемар Скшипчак адамзаттың болашақта бізді өлтіретін нәрсе жасайтынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ұрыс алаңында жасанды интеллектті қолдану туралы айта отырып, Скшипчак технологияны бақылауды жоғалтпау үшін, адамзатты өлтіретін нәрсе жасамау үшін заңнамалық база қажет деді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ливия туралы есебінде осы жылдың наурыз айында түріктің «Каргу-2» дронының жаудың конвойларына соққы бергені туралы ақпарат пайда болды. Айта кетейік, дрон бірнеше жылдан бері әр түрлі әскери қақтығыстарда қолданылып келеді.

«Поляк армиясы Ауғанстандағы миссияға дайындалып жатқанда, біз дайындыққа бардық. Дайындық барысында біздің әскерилер жауынгерлік роботтармен өзара әрекеттесуді үйренді. Содан кейін бізде «Робот өз сарбазын бейтаныс адамнан қалай ажыратады?» деген  сұрақ туындады. Оптоэлектроника осы уақытқа дейін қарқынды дамыды. Жүйелер объектілер мен адамдарды анық анықтай алады.

Бұл, мысалы, датчиктер әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріне тән белгілерді ажырата алады деген сөз. Кейде біз Еуропалықты Таяу Шығыстың тұрғынынан ажырата алмаймыз. Ал машиналар бұны қазірдің өзінде жасай алады», - дейді ол.

Вальдемар Скшипчак мұндай қаруды қолдану шектеулігі туралы ойлануымыз керектігін де айтып өтті.

«Мұндай қаруды қолданудың шектеулігі туралы ойлануымыз керек. Өйткені егер күн санап дамып келе жатқан жасанды интеллект адам өлтіру үшін қолданылса, бір күні адамдар оларды бақылауды жоғалтуы мүмкін. Мүмкін біз өзімізді болашақта өлтіретін нәрсені жасайтын шығармыз», - дейді генерал.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер