Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

2815
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/zhol-apaty.jpg
Ақтөбе қаласында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. 8 маусым күні түстен кейін сағат 16.00-де "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында екінші кезектегі жолдан шығу кезінде басты жолға жақындаған көлікке жол бермей, "ЗИЛ 130"маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ВАЗ-2110" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жастағы бала дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.  

"Адырна" ұлттық порталы.

 
Комментарии