ҰБТ: Бетпердеге шпаргалка тығып апарған

2263
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ҰБТ тапсыруға барған түлек бетперде ішіне шпаргалка тығып апарған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Білім  және ғылым министрінің штаттан тыс кеңесшісі Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мұндай жағдайлар болып тұрады. Көпшілік бетперденің ішіне жасырып, шпаргалка апару туралы жиі әзілдесетін. Міне, өзіміздің арамызда да болып жатыр, -деп атап өтті Дидар Смағұлов.

Иә, біз бұл түлектің тапқырлығына құрмет көрсетуіміз керек. Бетпердеге "парақ" салып апару үшін де жүрек керек.

Айта кету керек, Дидар Смағұлов бұған дейін ҰБТ кезінде Түркістан облысы, Темірлан ауылында түлектердің бірі бұрын-соңды болмаған жетістік көрсеткенін атап өтті. Ол бірінші емтиханды 37 ұпаймен тапсырса, екіншісінде 121 балл жинаған.  Нәтижесінде түлектің тестті шын білімімен тапсырмағаны расталған. Қыздың нәтижесі жойылды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер