"Тоқаевтың 2 жылы". Не айтылды?

2128
Adyrna.kz Telegram

Танымал ресейлік журналист Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы хабар жасаған. Оны "Қазақстан Ресей мен Қытай арасында. Президент Тоқаевтың 2 жылы" деп атаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

“Белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин өзінің YouTube арнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттігінің екі жылдығына арналған авторлық бағдарламаны жариялады. "Қазақстан Ресей мен Қытай арасында. Президент Тоқаевтың 2 жылы" атты деректі бағдарламасында ол Қазақстан басшысының саяси бағыты туралы өз көзқарасымен бөліседі. Автор Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісіп, Президентпен болған кездесулер туралы өзінің жеке әсерімен бөліседі”, – деп нақтылады Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

"Сенімді көршің болғаны жақсы. Көршіні бағаламау дұрыс емес. Біз талқылауымыз керек бір ауыр мәселе бар", – деді Л.Млечин.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер