Үш облыста жастар арасында суицид дерегі көбейген

3126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/suiczid.jpg
Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қазақстан 12-орында тұр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Экспресс К-ға" сілтеме жасап. Атап айтсақ, республикада суицид жасағандардың саны жағынан үш облыс "алдыңғы" орында: Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, еліміздегі суицидтер саны ең маңызды межеден екі есе көбейген.
Мамандардың айтуынша, жастарды өлімге итермелейтін басты себептер: отбасындағы дау-жанжал, баянсыз махаббат, өмірдегі сәтсіздіктер, сондай-ақ шарасыздық.
Сондықтан әр отбасында ата-ана, ересектер жасөспірімнің, оның достарының немесе сыныптастарының мінез-құлқындағы өзгерістерді неғұрлым тез байқап, маманнан көмек сұраса, соғұрлым жақсы болады.  

"Адырна" ұлттық порталы.

 
Комментарии