Ертең футболдан ХVІ Еуропа чемпионаты басталады

2708
Adyrna.kz Telegram

Ертең, 11 маусымда футболдан ХVІ Еуропа чемпионаты басталады. Бұл дода Түркия мен Италия құрамаларының кездесуімен басталады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Негізі, бұл чемпионат өткен жылы өтуі керек болатын. Бірақ әлемді шарлаған індетке байланысты биылға ауыстырылды.
Ең алдымен, қай елдің командалары қай топта бәсекеге түсетінін зерделеп көрелік:

"А" тобында — Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария;

"В" тобында Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей;

"С" тобында — Нидерланды,  Украина, Австрия, Солтүстік Македония;

"D" тобында — Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия;

"Е" тобында — Испания, Швеция, Польша, Словакия;

"F" тобында — Венгрия, Португалия, Франция, Германия.

Міне, осы кезеңдегі ойындардың қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған 12 команда, сондай-ақ неғұрлым үздік көрсеткіштермен үшінші орынға шыққан 4 команда плей-офф кезеңіне шығады.

Содан кейін 26 маусымнан 11 шілдеге дейін 1/8 ойындар, ширек финал, жартылай финал, финал болады.

Айта кету керек, финал 11 шілде, жексенбі күні  Лондонда өтеді.

Бұл ХVІ Еуропа чемпионаты биыл өткенімен тарихта "Еуро-2020" деген атаумен қалмақ. Жалпы дәстүрлі Еуропа чемпионатының өту мерзімі карантинге байланысты тұңғыш рет ауыстырылып отыр.

Келесі 2024 жылғы чемпионат бұрынғы формат бойынша ұйымдастырылады.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер