«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

1774
Adyrna.kz Telegram

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер кабылдануда!

Конкурс – отбасылық құндылықтар мен салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттық кодты сақтау, сондай-ақ неке және отбасы қатынастарын реттеу, болашақ ұрпақ тәрбиесі мен оларды тұлға ретінде қалыптастыру жолындағы тәлім-тәрбие,  беру мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурсқа еңбек адамдары, сондай-ақ спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері қатыса алады.

Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2021 жылғы 15 мамырда жарияланады және қыркүйек айында Отбасы күніне орай қорытындыланады. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – қалалық.

Бірінші кезең

Конкурсқа қатысуға өтінім Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына қоса берілген нысан бойынша аудандық әкімдіктердің комиссияларына 15 мамыр мен  15 маусым аралықтарында қабылданады.

Аудандық конкурстан жеңімпаз атанған 4 отбасы қалалық байқауға қатысуға жіберіледі.

 

Екінші кезең

Қалалық комиссия аудандық конкурстан жеңімпаз атанған отбасылардың құжаттарын қарап, жеңімпаз 1 отбасыны айқындайды.

Жеңімпаз отбасыға республикалық комиссияның шешімімен қыркүйек айында өтетін «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде конкурс лауреаты табысталады.

Ұйымдастыру жұмыстары жөнінде қосымша сарақтар бойынша Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға  хабарласуға болады байланыс 8/7252/ 24-74-85, 8701 570 00 27

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2021 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:

Абай ауданы әкімінің аппараты,

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №3.

Байланыс: +7 (7252) 53-03-20;

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №49.

Байланыс +7 (7252) 54-04-92;

Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, №49.

Байланыс +7 (7252) 53-27-42;

Қаратау ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60.

Байланыс 8 (7252) 77-45-96.

Қосымша ақпарат байланыс номері:

+7 771 859 48 43 (Whatsapp + 7 771 859 48 43)

 

 

 

Пікірлер