9 миллион теңгеге дейінгі параны «сыйлық» деп тану туралы ақпарат қызу талқылануда

2793
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың тоғыз миллион теңгеге дейінгі параны қылмыс деп танымау туралы ұсынысын талқылап жатыр. Жаңалықта оны «сыйлық» деп санаған дұрыс делінген, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпарат @qazinform24 «Сатиралық контент. Фейк жаңалықтар» парақшасында жарияланған. Парақша тақырыбына сәйкес, шынайы жаңалықтар таратпайды.

Осыған сәйкес Марат Ахметжановтың ұсынысы туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында да мұндай жоспарлар туралы хабарлама жарияланбаған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер