«Қазақтың қолөнері» квест сабағы

4065
Adyrna.kz Telegram

№83 мектептің 5 сынып оқушыларына қазақтың ұлттық қолөнері туралы сабақ өткізілді. Сабақты ұйымдастырушы Гүлжанат Ахметқалиева оқушыларға қолөнер жайында түрлі мағлұмат беріп, шеберліктің қыр-сырымен таныстырды.

Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата – бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет.


D4S 5330


Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз, өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп келген.

Сабақ барысында оқушылар Этнография залындағы ұлттық қолөнер бұйымдарын көріп, олармен жете танысты. Шараны Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі ұйымдастырды.


ҚР Ұлттық музейі 

Пікірлер