«Спутник» қорғай ма: Ресейде вирустың кезекті толқыны басталды

1577
Adyrna.kz Telegram

Ресейде коронавирустың жаңа толқыны басталды. Бүгінде коронавирустың жаңа жағдайлары елордада өткен жылдың рекордтық деңгейіне жақындады. Мәскеу тағы да коронавирустық демалыс жариялады және адамдармен жұмыс істейтіндердің барлығына міндетті вакцинация туралы қаулы шығарды. Санкт-Петербургте де жаңа шектеулер енгізілді. Аурудың көбеюі екі қаладан басқа жерлерде де тіркеліп жатыр. Ресейлік БАҚ үшінші толқынның болашақта емес, қазір басталып кеткенін айтып шулап жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Халықтың коронавирус жұқтыру статистикасы қалай өзгерді?

Ресей коронавирус індетін жұқтырудың шыңына жеткендей. Маусым айының аяғында бір күнде COVID-19 жұқтырғандардың саны 25 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің энергетикалық жүйелерді математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі, университеттің интеллектуалды логистика орталығының бастығы Виктор Захаров айтты.

COVID-19 ауруы елде 5 маусымнан бастап өсті. Кейінгі екі айда Ресейде коронавирусты күніне 7-8 мың адам жұқтырған болса, қазір ол 14 мыңнан асты.

Математикалық модельді қолданған ғалымдар маусым айының соңына қарай бұл көрсеткіштің екі есеге артуы мүмкін екендігін айтты.

«Эпидемияның қазіргі толқынының жаңа жағдайларының максималды саны маусым айының соңында тіркелуі мүмкін - шамамен 25 мың. Бұл жағдайда эпидемияның шарықтау шегі шілде айының ортасында болады», - деді ғалым.

Бұған дейін Peterburg2 хабарлағандай, бүгіннен бастап Санкт-Петербургте коронавирусқа қарсы жаңа шектеулер енгізіледі. Сауда орталықтарында фуд-корттар, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары және сауда орындары жабық болады. Сағат 2:00-ден 6:00-ге дейін тамақтану мекемелері үшін коменданттық сағат енгізіледі.

Сонымен қатар солтүстік астанада қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуына бақылау күшейтілді. Масканың жоқтығы үшін айыппұл (4000 рубль) салынбақ.

Коронавирустың үшінші толқыны қашанға дейін созылады?

Коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кемінде бір айға созылуы мүмкін. Бұл туралы инфекциялық дәрігер Евгений Тимаков айтты.

Бұған дейін Тимаков COVID-тің үшінші толқыны сәуір айында басталғанын, «аурудың жоғарылауын ескере отырып, шаралар қолданылмаса және вирусқа қарсы қосымша шаралар қабылданбаса, күздегідей өсімнің болатынын» ескертті.

«Қазір біздің көріп отырғанымыз - үшінші толқынның шарықтаған жері. Бұл көрсеткіштің кем дегенде бір айға созылып кетуінен қорқамын. Себебі вирус жаз мезгілінде бұрынғыдан да жылдам таралуы мүмкін», - дейді Тимаков.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер