Қазақстанда карантин шаралары күшейтілетіні рас па?

3194
Adyrna.kz Telegram

Желі қолданушылары карантиннің күшейтілетіндігі туралы 2020 жылғы жаңалықтардың үзінді-видеосын жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Хабар телеарнасының жүргізушілері 20 және 21 маусымда елімізде карантиндік шаралар күшейтілетіні туралы хабарлайды: олар ірі сауда үйлерінің жұмысына және қалалық көліктердің қозғалысына тыйым салатынын айтады.

Шындығында, бұл жаңалық эфирге 2020 жылы 18 маусымда шыққан.

Қазақстан Республикасында ахуал тұрақты және бүгінгі күнге дейін карантиндік шараларды күшейту туралы мәселелер көтерілген жоқ, - деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгіндері "қызыл" аймақта тек Астана қаласы қалып отыр.

Пікірлер