Атырауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

1011
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында бір топ өнер адамы  Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Осынау салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізді.

Мемлекеттің абыройлы болуы – ондағы халық жанының ізгі болуында. Сол ізгілікті жасайтын қасиетті өнер. Адамзаттың рухы, терең тарихы, ділі мен діні, тілі мен мақсат-мұраты о бастан мәдениетпен біте қайнасқан. Қоғамда орны бөлек өнер адамдарын қарапайым бұқараның төбесіне көтеретіні де осы себептен. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттап, халыққа эстетикалық ләззат сыйлайтын өнер майталмандары – сіздер аман болыңыздар! – деді ол.

Өз кезегінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев сөз алып, кәсіби мерекеде тамаша көңіл күй сыйлаған облыс басшылығына атыраулық барша өнер адамы атынан алғыс айтты.

Пікірлер