ДАСТАН АБДЫРАХМАНҰЛЫ: Мырзан Кенжебайдың орыс тарихына тамсануы қай сасқаны?

4724
Adyrna.kz Telegram

"Абайды бүкіл ұлттың бас ақыны деу әрі күнә, әрі надандық" деген ақын Мырзан Кенжебай неге Қабанбай батырдың аруағына һәм батырлығына шүйлікті?

Қазіргі алмағайып заман турасында осы тектес көлеңкелі әңгіменің отын көсеудің өзі қисынсыз дүние. Дегенмен иісі қазақ жерінде аға буын жастарға бар ақылын шелектеп құйып һәм қолы қалтасына жетпей жүрген жұрт мұңын шағудың орнына кешегі өр найзасының ұшын жау өкпесіне қадаған Қабанбай батыр мен сиясы таусылғанша көз майын ағызып қазақтың қанына сіңген кемшілігін жылап отырып жазған Абай аруақтарына зілді сөз тигізіп жүргені өзектен өртейді.

Мырзан Кенжебай алтын уақытын шығын қыла Абайды баладай сын арқанына салған мақала өзегінде өзінің жеке тоқтала кеткен ескілік ақындарын ізбе-із дәріптейді, яки қазақ Сарышолақ шайыр Боранбайұлы, Әбубәкір Кердері, Есенгелді, Ақпан жырауларды оқымайды һәм айтпайды деп жазады. Сонда кешіріңіз, Қабанбай батырды жұрт айтса рушылдық, тайпалық , жүзділік , табынушылық болады екен , ал аталмыш ақындарды Абайдан биік қою қандай ұғымға жатады?! Осының бәрін сыни көзқараспен айтатын ағамыздың өзінен трайболизмдік көзқарастың иісі шығып тұр демеске шара жоқ.

Дүйім қазақ елінің батыры Қабанбайдың жатқан жеріне күмән келтіріп һәм 103 шайқасқа шыққанын кім санаған дейтіндей не күн туды?! Теңестіруге ештеңе таппағандай тарихты домбыраның құлағындай шеберлікпен бұрмалайтын сайқал орыс ұлтының жазба тарихына зор баға берудің түпкі мақсаты қандай?! Арнайы тілге тиек етсек, ағамызға Кутузов, Суворов, Муромец батырларының шайқастары ақиқат көрінеді. Орыс тарихына тамсану қай сасқаны? Сонда кезінде орысты қан құстырып отқа ораған Наполеон әскерінің бетін қазақтар қайтарғанда ағамыздың Кутузов бастаған батырлары шошқа тағалап жүрген ба? Ал бұл орыс пен француздың өзі мойындаған тарих! Бәлкім бұны да жоққа шығарып қояр..

Айтқандай Қабанбай батыр жайында жазған жазбаның соңғы тұсында кезінде Абайды ұлықтау надандық һәм күнә деген ағамыз ұлы Абайдың сөздерін мысал ретінде қолданады. Мырзан аға өз-өзіне қайшы келіп отыр. Нақтылық жоқ! Әлде халық ұмытты деп ойлады ма?

Елге құрметті Мырзан Кенжебай ағамыздың қаламы сияға толып шыдатпай тұрса, кешегі өздерін еркін түрде жария еткен ЛГБТ сайтандары жайында жазса абырой болар еді . Мемлекеттік тілдің маңыздылығын айтса, жастарға руһ берілмей қайда барсын.. Әрине қазіргі тұрғыдағы ахуалдың жазары көп. Өкінішке қарай, түйсік бөлек арнада жүргені қынжылтады.

Мырзан ағамыз жазбасының соңында рушылдық, тайпалық болашақ ұрпаққа өте зиян дей аяқтапты. "Ағаны көріп іні өсер" демекші, мен де айтарымның соңында зияндылықты түрте кетейін. Егер аға буын жастарға сара жолын көрсетудің орнына күрек алып аруақ мазалап жүрсе, кейінгі өскелең ұрпаққа ол да зиян.

Пікірлер