Дариға Назарбаева "Қамқорлық" оңалту орталығының жұмысымен танысты

3576
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/whatsapp-image-2021-06-23-at-08.35.09-1.jpeg
Атырау облысына жұмыс сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева келді. Сапар барысында ол, өңірдің бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты. 2020 жылдың 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Қамқорлық» қорының бастамасымен Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында балаларды оңалту орталығы ресми түрде ашылды. Өз жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқаруда. Орталықта балаларды оңалтуға арналған 50 төсек орын бөлінген. Оның 25-і тәуліктік және 25 төсек күндізгі стационарға қарастырылған. Мұнда невролог дәрігері, 2 реабилитолог, үйлестіруші, физиотерапевт, эрготерапевт, 6 Емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары, 2 психолог, 2 логопед, 2 дефектолог, 4 медбике жұмыс істейді.
2021 жылдың басынан бері орталықта 315 бала оңалтудан өткен. Оның ішінде, 160 бала тәуіліктік, 155 бала күндізгі стационарда,- деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.
Жұмыс сапары барысында Дариға Назарбаева облыстық кардиоорталықтың да жұмысымен танысты.
Комментарии