Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді

5487
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта өтетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет. Тоқаев көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемегенін атап өтті. Бұл ретте, Президент университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер