Бақыт Сұлтанов: картоп пен сәбіз тапшылығы жылда қайталанып келеді

3531
Adyrna.kz Telegram

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6,3% -ға өсті. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жылдық есеп бойынша бағаның өсуі 11,8%-ды құрады. Ал 5 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты бағаның ең жоғары өсімі - Түркістан облысында байқалады (9,4%). Көрсеткіш Нұр-Сұлтанда - 8,5% және Алматыда - 6,0% болды. Ал бағаның ең аз өсімі: Батыс Қазақстан облысында - 5,7%, Ақмола облысында - 5,6% және Қарағанды ​​облысында - 5,2%-ды құрады», - деді ол.

Азық-түлік бағасы бүкіл әлем елдерінде өсіп жатыр.

«Өкінішке қарай, әлемдік нарық бізге де әсер етіп отыр. Сонымен қатар бізде ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігіне әкелетін проблемалар да бар. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, картоп өндіру бойынша отандық өндіріс тұтынушының 108%-дан астамын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге картоп өндірісінің көлемі бар болғаны 1,9 млн тоннаны немесе жалпы өнімнің 47%-ын құрайды. Көлемнің қалған бөлігі іс жүзінде тауар айналымына қатыспайды. Өткені ол халықтың шаруашылықтарында шығарылады. Осыған қарамастан, өткен жылы экспорт рекордтық көрсеткіш - 360 мың тоннаға жетті», - деді ол.

Сондай-ақ жыл басынан бері экспорттың жоғары болуы отандық өнім қорының 3 есеге төмендеуіне әкелді. Көрсеткіш 903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін төмендепті. Бұл мәселені шешу үшін Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна қымбат картоп сатып алынды. Бұл отандық картопқа қарағанда үш есе қымбат еді.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото azattyq-ruhy сайтынан)

Пікірлер