Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген ақпарат тарады

2254
Adyrna.kz Telegram

Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Кеше, 24 маусымда Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы ит серуендеп жүргенде болды. Алина Нұртас оқиға орнына полицияның шақырылғанын айтты. Кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін біліпті.

«24.06.2021 ж. кешкі уақытта Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым. Себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды.

Полиция - ІІМ-нің екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. «Ұрып-соғу» туралы айыптау негізсіз деп есептеймін», - деді Талғат Мұсабаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер