Өзбекстан астанасы карантинге жабылады

3451
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан астанасы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты екі апталық карантинге жабылатын болды деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Мұндай шешімді коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдадған.

«28 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін Ташкентке көрші облыстардан автокөлік құралдарымен (автомобильдер мен автобустар) кіруге шектеу қойылады. 28 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша барлық ойын-сауық нысандары (мейрамханалар, түнгі клубтар, караоке, бильярд және компьютер залдары, қоғамдық тамақтану орындары-кафелер, асханалар мен шайханалар) кесте бойынша 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал осы мекемелерге келушілер саны жалпы көлемнің 50 пайызынан аспауы тиіс», – делінген Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі таңда Өзбекстан ауруханаларда коронавирус расталған 3571 науқас бар.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер