Коронавирустың жаңа лямбда-штамының белгілері анықталды

6100
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустың жаңа лямбда штамының белгілері аталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін БАҚ құралдары Үндістанда жарғанаттарда өлімге әкелетін вирус тарауда деген ақпарат тараған болатын.

РИА Новостидің хабарлауынша, Оңтүстік Америкада коронавирустың лямбда штамын жұқтырған жағдайлар тіркелген.

Коронавирустың лямбда нұсқасы бастапқыда Перу, Чили, Эквадор және Аргентинада 2020 жылдың соңында анықталды.

Экспресс газеті Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігіне сілтеме жасап жазғандай, қоздырғыштың бұл нұсқасында вирустың инфекция дәрежесіне әсер ететін масақ протеинінің бірнеше мутациясы болады деп болжануда.

Алайда, ғалымдарда жаңа штамм COVID-19-тың ауыр ағымын қоздыратыны немесе вакциналардың әсерін әлсірететіні туралы дәлел әлі жоқ. Алайда дәрігерлер жоғары температура, тұрақты жөтел, иіс пен дәмнің жоғалуы немесе өзгеруі сияқты белгілерге назар аударуды ұсынды.

Бүгінгі күні коронавирустың төрт мутациясын ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «алаңдаушылық» тізіміне енгізген.

Бұл альфа («британдық»), бета («Оңтүстік Африка»), гамма («бразилиялық») және дельта («үнді») штамдары. Соңғысы мутацияға ұшырайды.

Өткен аптаның соңында Махараштра штатында «дельта-плюс» нұсқасы пайда болды (B.1.617.2.1). Ол S-ақуызында K417N мутациясының болуымен ерекшеленеді және ауырған және вакцинацияланған адамдардың сарысуы мен антиденелерінің белсенділігін төмендетуі мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер