Біз төртінші толқынның табалдырығында тұрмыз — Бекшин

5621
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала коронавирустың төртінші толқынының алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Біз төртінші толқынның табалдырығында тұрғанымызды мойындауымыз керек, төртінші толқын «дельта штаммына» байланысты. Біз инфекцияны оқшаулау үшін қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Өтінемін, бізді дұрыс түсініңіздер, егер біз шаралар қолданбасақ, бұл аурудың өсуіне әкеледі және біз тағы да шектеу шараларын қолдануға мәжбүр боламыз деп әрдайым айтқанбыз», деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаңа штаммға байланысты күрделене түскен. Өткен аптада алдыңғы кезеңмен салыстырғанда CVI ауруы 742-ден 1237-ге дейін өсті. Өткен тәулікте коронавирустың 215 жағдайы тіркелді.

Ол алматылықтарды вакцинациялауға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Содан кейін ол жаңа шектеулер туралы айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер