Көлгінов : Мен таксимен жүремін

2177
Adyrna.kz Telegram

Елорда әкімі Көлгінов жұмысқа таксимен келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Біз бірнеше жыл бұрын жұмысқа қызметтік көлікпен емес, таксимен келу туралы шешімге келген болатынбыз. Бүгінде де біз бұл шешімді өзгерткен жоқпыз. Әкімдікпен жұмыс жасайтын такси қызметі бар. Бұл ешқандай көзбояушылық емес. Әкімдер, басқарма басшылары, олардың орынбасарлары да такси қызметін пайдаланады. Мен Toyota Camry маркалы көлік мініп жүрмін. Менің орынбасарларым да Қазақстанда шығарылған көлік мінеді. Осы такси қызметіндегі көліктермен күнделікті жұмысқа барып келеміз", - деді елорда әкімі.

Пікірлер