Ақтөбе облысында мамандар даярлау үшін 80 грант бөлінеді

2720
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында 2021-2022 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды сұранысқа ие кәсіпке даярлау үшін 80 грант бөлінетін болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Осылайша биыл грант математика, физика, химия және бастауыш сынып мұғалімдерін, нақты салаға маманданған дәрігерлерді, агрономдар мен ақпараттық технология мамандарын дайындауға бөлінетін болады деп шешім қабылданды. Грант иегерлерінің тізімі осы жылдың 15-27 тамызы аралығында жарияланады.

Бұл мәселеге қатысты Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин: "Грант алатын әрбір үміткермен алдын ала түсіндіру жұмысы жүргізілуі керек. Ол туған өлкесінің оның оқуын не себепті қаржыландырып отырғанын білуге тиіс. Келешекте ол бұл грантты өзінің туған жеріне қызметімен өтейді», — деді.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы әкімінің гранты талапкерлерге 2018 жылдан бері беріліп келеді. Әрбір грант иесі оқуды аяқтаған соң мамандығы бойынша белгілі бір уақыт облыс аумағында еңбек етуге міндетті. 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер