Путин Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтаруға көмектеспек

5279
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Путиннен қазақ халқының қасиетті жәдігері - Кенесары ханның сүйегін табуға және оны Қазақстанға жеткізуге көмектесуін сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елбасы қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегі туған жерінде жерленіп, жанының тыныштық тапқаны өте маңызды екенін айтты.

«Путин Ресей тарапының бұл мәселеге жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Ресей Федерациясы Президентінің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстанға қайтарылады», - деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер