Греция билігі заңсыз мигранттарды ұрып-соғып, Түркияға киімсіз жіберді

2054
Adyrna.kz Telegram

Түркиядан Грецияға заңсыз түрде өтуге тырысқан 12 мигрант Эдирне провинциясындағы шекарада ұсталды. Бұл туралы Haberturk басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Түркия қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Греция билігі Түркияға 42 мигрантты жіберген, оның 12-сі киімсіз болған.

«Губернатор Эдирне әкімшілігінің өтініші бойынша заңсыз мигранттарға Назымбей фермасына кіруге рұқсат етілді. Мигранттармен әңгімелесу барысында, оларға Грецияда ұсталғаннан кейін тамақ пен судың берілмегені, оларды ұрып-соғып, киімдерін шешіп, күштеп Түркияға шығарып салғаны белгілі болды», - делінген министрліктің хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер