Он жастағы қыз қарттықтан қайтыс болды

2762
Adyrna.kz Telegram

Украинада он жастағы жеткіншек ерте қартаю салдарынан көз жұмды. Ира Химичтің қайтыс болғаны туралы оның анасы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Ира көз жұмды. Кеше оның жүрегі тоқтады. Сені осы жолы құтқара алмағанымыз үшін бізді кешір», - деп жазды Дина Химич.

Қыз бала прогерия атты емделмейтін сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан, оны Хатчинсон-Гилфорд синдромы деп те атайды.

Ираның анасы әлеуметтік желіде қызының суреттерін жариялап, оның оқудағы жетістіктері мен қайырымдылық акцияларына қатысқаны туралы тұрақты жазып келген.

Прогерия – балаларда кездесетін клиникалық тұрғыда мерзімінен бұрын қартаю белгілері бар генетикалық ауру.

Бұл дерт тері және ішкі органдардың өзгеруін тудырады. Әдетте сәби бірнеше ай қалыпты дамып, одан кейін кері қайтарылмайтын өзгерістер пайда болады да, қартаю процесі үдей түседі.

Бүгінде балалардағы прогерия кезінде өмір сүру ұзақтығы 13 жасты құрайды. Бұл ауру көп жағдайда баланың екі-үш жасында анықталады. Ирина Химичке бұл диагноз бес жасында қойылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер