Алматыда қойма өртенді

3032
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/zauyt-өrt-960x500.jpg?token=3e6f40b5001c21895dd93cbb1a3d0f99
Бүгін таңда Алматы қаласында тауарлар мен материалдар сақталатын қойма өртенді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бүгін таңғы сағат 4:44-те Алматының төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолы, 87 "Г" мекен жайында орналасқан қоймалардың бірінің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Өрттің басқа да қоймаларды шарпу қаупі болып,  дереу төтенше жағдайлар департаментінің штабы құрылды. Нәтижесінде техникалардың сумен үздіксіз жабдықтауы қамтамасыз етіліп, өртті сөндіруге авиация жұмылдырылды. Өртке 81 қызметкер мен 24 техника тартылып, таңғы сағат 7:44-те сөндірілді.

"Адырна" ұлттық порталы.

 
Комментарии