Аулада тұрған көлікте көз жұмған

2789
Adyrna.kz Telegram
Ресейде екі кішкентай қыз күннің ыстығында аулада тұрған көлікте көз жұмған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Риа Новостиге" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Ресейдің Ростов облысының Каменский ауданында болған.

Тергеу мәліметінше, сенбі күні 2017 және 2019 жылы туған екі қыз аулада ойнап жүріп,  кейін  көлікке отырған. Анасы оларды таба алмай, полицияға хабарласқан. Артынша екі қыз көліктен табылған, екеуі оқиға орнында қайтыс болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, олардың қайтыс болуына жоғары температура себеп болған", - дейді тергеу комитетінің өкілі.

Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, маусымның ортасынан бері Ростов облысында күн қатты ысыған. Сенбіде құтқарушылар дауылды ескерту жариялаған. Олардың мәліметінше, облыстың оңтүстік және шығыс аймағында ауа температурасы 40 градусқа дейін жеткен.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер