Депутат: орыс, беларусь, украин бірігіп, ұлы күшке айналамыз!

4144
Adyrna.kz Telegram

«Оппозициялық платформа — өмір үшін» партиясының өкілі, Рада депутаты Илья Кива Белоруссияның тұрғындарына тәуелсіздік күніне орай Telegram-да үндеу жариялап, онда республиканың Ресей мен Украинамен бірігуін болжады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Риа Новостиге" сілтеме жасап.

«Беларусьтар, орыстар мен украиндар қайтадан бірігіп, хаосқа, жындылыққа, заңсыздыққа қарсы тұратын ұлы күшті күшке айналатын уақыт келеді. Біз өз тарихымызды сақтай аламыз. Біз қарым-қатынасымызды қалпына келтіре аламыз», - деді Кива.

Депутат Беларуссия халқын «қымбат және бауырмал» деп атап, көрші елдің тұрғындары Украинаның "жоғалтып алған" тәуелсіздігін қорғай алатындығын баса айтты.

Парламентарий беларусьтар украиндар үшін әрдайым «өзінің бүгіні мен болашағы үшін, өзінің тарихи өткені үшін күрес пен қақтығыстың үлгісі» болатынын атап өтті.

Кива сонымен бірге украин халқы славян көршілеріне деген сүйіспеншілік жүрегін әрдайым сақтайтынын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер