Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова дүниеден озды

10816
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы Әселхан Қалыбекова дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қаралы хабарды Біржан Байтуов жеткізді.

"Алаштың аяулы ақыны, асыл анамыз Əселхан Қалыбекова бұл жалғанмен қоштасып, шын өмірге аттанды. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Жаназа уақытын қосымша хабарлаймыз»,– деп жазды ол.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер