«Жерімізді қайтарыңыздар!»: Эстония Ресейге талап қойды

4804
Adyrna.kz Telegram

Эстония Президенттігіне кандидат Хенн Пыллуаас Ресейден аумақтың бір бөлігін қайтаруды талап етті. Бұл туралы ол Эстонияның консервативті халықтар партиясының (EKRE) съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Эстониялық саясаткер 1920 жылы жасалған Тарту бейбітшілік келісімінің әлі де өз күшінде екенін атап өтті. Ол мәлімдеме барысында Ресеймен шекара туралы келісімнің ратификациялануына қарсы екенін жеткізді. Президенттікке кандидаттың айтуынша, Ресей билігі Нарва және Печора аудандарының бір бөлігін Таллинге беруі қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Пыллуаас азаматтарға жаңа жылдық үндеуі кезінде Ресейге қатысты территориялық шағымдар айтқан болатын. Ал Мемлекеттік Дума Эстония билігі өкілдерінің мұндай мәлімдемелері екі елдің қарым-қатынасында қосымша шиеленіс тудыратынын ескертті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер