Жойқын жарылыс: Тайландта химиялық зауыт жанып кетті

2723
Adyrna.kz Telegram
фото: @fm91trafficpro Twitter
фото: @fm91trafficpro Twitter

Тайландтың Бангкок қаласы сыртындағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды. Әзірге 20-ға жуық адамның зардап шеккені белгілі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Bangkok Post газетінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 02:50 шамасында болған. Зауыт аумағында алты қойма болған, оларда 50 тонна химиялық заттар сақталған. Жарылыстың артынан өрт бүкіл фабриканы және бір шақырым радиустағы ғимараттарды шарпыды.

Әкімшілік жағынан Самут Пракан провинциясына жататын аймақ Бангкоктағы Суваннапхуми халықаралық әуежайынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Жарылыс толқыны жарылыс орнынан бір шақырым радиустағы үй-жайлардың есіктері мен терезелерінің жақтауларына дейін қиратуға әкеліп соқтырды және химиялық зауыттан екі-екі жарым шақырым радиустағы терезелердегі әйнектер сынды.

Қазір өрт сөндірушілер жалынды бақылауға алды, бірақ ғимараттың үстінен қара түтін бұрқырауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер