Нұр-Сұлтандағы үлкен тұрғын үй кешенде өрт шықты

3598
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/izobrazhenie_2021-07-05_145855.png
Елорданың Highvill Astana тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Қаланың Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері 5 шілдеде сағат 11: 09-да шақырту бойынша жөнелді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Қошқарбаев көшесі, 2-үйде, «Highvill Astana», 6-қабаттағы жалпы бөлмеде тұрмыстық техника мен тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оны сағат 11: 23-те оқшаулап, 11: 30-да жалынды жойды.
"Зардап шеккендер мен зақым алғандар жоқ. Барлығы 20 адам мен 5 техника жұмылдырылды", деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии