Вакцинадан соң талып қалды: Қызметкердің жағдайы қалай?

3093
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/6402628c-41ad-4226-b238-fb9acbde5d67.jpeg
Вакцинадан соң талып қалды. "Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді. Компания вакцинациядан кейінгі бақылау кезінде вакцинация орталығында мердігер компаниялардың бірінің қызметкері ауырып қалғанын растады.
"Қазіргі уақытта қызметкердің жағдайы тұрақты, ол толық медициналық тексеруден өтеді. Денсаулық жағдайы мүмкіндік берген кезде ол ауруханадан шығады", – деді баспасөз қызметі.
Олар Теңізде 28 мыңнан астам қызметкер вакцинацияланғанын және мұндай жағдай бұған дейін тіркелмегенін атап өтті.
Комментарии