Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

5826
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Президенттің жеделхатында.

Еске сала кетейік, кеше Ресейде 28 адам мінген ұшақ құлап, жолаушылар түгел қаза тапқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер