Польшада қазақстандық жасөспірімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді

2369
Adyrna.kz Telegram

Польшада қазақстандық жасөспірімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Dziennik Wschodni-ге сілтеме жасап.

"Люблин аудандық прокуратурасы сотқа айыптау қорытындысын берді", - делінген хабарламада.

Негізгі айыпталушының 52 жастағы зейнетке шыққан полиция қызметкері және аңшы екендігі анықталды. Ол Ополе-Люблинск әскери құрамында қызмет етіп жүргенде аңшы мылтығын қолдануға рұқсат алған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың 1 қарашасында Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасында болған еді. Отставкадағы полицей жабайы қабанды атып жатқанына сенімді болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер