Танымал вайнер Zheka Fatbelly-дің көлігі апатқа ұшырады

3859
Adyrna.kz Telegram

Zheka Fatbelly атымен танымал қазақстандық вайнер Жеңіс Омаровтың көлігі апатқа ұшырады, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Жеңістің өзі Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келгенін және досынан оны әуежайда күтіп алуын өтінгенін айтты.

«Мен Алматыға ұшып келдім, онда мені тосын сый күтіп тұрды. Менің алғашқы көлігім Camry 55 болды, Менің жүргізушім онымен мүлдем жаңа болған кезінде апатқа ұшырады. Мен сол кезде басқа қаладан ұшып келген болатынмын және жүргізушімнің мені күтіп алуға келе жатқан сәтінде  апатқа тап болғанын білдім. Мен үшін ол қиын кезең болды, оқиға сынған камримен аяқталды. Енді мен өмір циклді қайталанатынын түсіндім. Кеше мені аэропорттан досым күтіп алмақ болды. Мен оған қоңырау шалғанымда, қатты айқайлаған дауысын естідім. Ол тірі және бәрі жақсы. Және бұл жаңа істің бастамасы деп білемін», - деді Жека Фатбелли.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мекебай Асхат Талғатұлы (@askhat_abu_muhammad)

Айта кету керек, Жеңіс Омаров бірнеше ай ішінде 20 келі салмақ тастағаннан кейін автокөлікті досынан бәстен ұтып алған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер