Ауғандық босқындар көбеюде: Тәжікстан мың адамды қабылдады

2665
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның Бадахшанынан Тәжікстанның Тау-Бадахшан автономиялы облысына қашқан мыңнан астам босқын қауіпсіз жерге орналастырылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "centralasia.media-ға" сілтеме жасап.

Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Голиб Ниятбековтің «Азия-Плюс» тілшісіне хабарлауынша, босқындардың дені — әйелдер, балалар мен қарттар. Қауіпсіздік мақсатында Ниятбеков босқындардың қайда екенін нақты айтқан жоқ. Ол сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар Тәжікстан үкіметіне ауған босқындарын қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Босқындардың шекараны дәл қай күні кесіп өткендігі туралы мәлімет жоқ, бірақ бұл шамамен 4-5 шілдеде, яғни Ауғанстанның Бадахшан провинциясының 6 ауданын тәліптер басып алған кезде болған. Қауіпсіздік мақсатында ВВАО билігі әлі күнге дейін ауған босқындарының нақты санын жарияламады. Бұған дейін тек әскери босқындар туралы хабарланған. Бұл — азаматтық босқындар туралы бірінші хабарлама.

Бұған дейін аймақ басшысы Йодгор Файзов: "Ауғанстандағы жағдай бізді ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік шекара бұзылуы мүмкін жағдайда, жерді қорғауға және жауапты шараларды қабылдауға шақырады", — деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол мәжбүрлі босқындар туралы ескерткен еді.

5 шілдеде Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мәжбүрлі шегіну нәтижесінде Ауғанстан армиясының 1037 сарбазы Тәжікстан шекарасынан өтті деп хабарлады. Осылайша олардың жалпы саны 1500 адамға артты.

Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәліметтері бойынша Тәжікстанды паналаған ауғандық сарбаздардың саны көп болған, оның 2300-і еліне оралған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер