Қазақстандықтардың зейнетақы шотына қаржы аударылды

5163
Adyrna.kz Telegram

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 8 шілде айындағы жағдай бойынша 1,5 трлн теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 176 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат қайта қайтарылды.

205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі – әйелдер (64 685) және үштен екісі - ер адамдар (140 974).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (33 682 адам), олар жалпы сомасы 312 млрд теңге пайдаланған.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (32 216 адам), елорда тұрғындары 197 млрд-қа жуық теңге қолданған.

Алматы қаласы – үшінші орында (27 396 адам), алматылықтар жалпы сомасы 213 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған. Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр.

"Отбасы банкінде" ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 9 359 қазақстандық, қайталама нарықтан тұрғын үй таңдаған.

Қалған 1 729 адам, алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген (36 млрд теңгеден астам). 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған (2 млрд теңгеден астам).

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер