ДСМ жауап берді: Неге вакциналау тегін, ПТР-тест ақылы?

2327
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова «Неге коронавирусқа қарсы вакцина салдыру тегін, ал ПТР-сынама тапсыру ақылы?» деген көпшіліктің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Вакцинация Конституция бойынша адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген түріне кіреді. ПТР-сынамасына келетін болсақ, бүгінде бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысымен ПТР-сынамасын тегін тепсыра алатын тұлғалардың 12 санаты анықталды. Бұл эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекцияның клиникалық белгілері бар адамдар. Мысалы, байланыста болған адамдар, ауруханаға жатқызылатын науқастар, ауруханаға жатқызу кезіндегі жүкті әйелдер. Басқа тұлғалар үшін ПТР-сынамасын тегін тапсыру мүмкіндігі қарастырылмаған. Әрбір қазақстандық тегін вакцина алу немесе ақылы ПТР-сынама тапсыруды өзі шешеді. ПТР-сынама мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайды», - дейді Есмағамбетова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер