Жеңіліп көрмеген: Майамиде қазақстандық боксшы американдықты ұтты

1646

Қазақстандық боксшы Николай Шваб (6-0, 3 КО) Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шваб америкалық Рондейл Хаббертпен (13-17-2, 8 КО) рингке шықты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу алты раундқа есептелді және қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Николай Шваб проф-рингтегі жетінші жеңіске жетті, ал Рондейл Хабберт он сегізінші жеңіліске ұшырады.

Бұл Шваб үшін 2021 жылғы екінші жекпе-жек болғанын қосамыз - бұған дейін ол мексикалық Карлос Хименеспен (1-1-1, 0 KO) мамыр айында жекпе-жек өткізіп, оны қазылардың бірауыздан келісілген шешімімен жеңіп шыққан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар